Димаш Құдайберген неге үйленбей жүргенін айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұраққа жауап берді. 31 жастағы өнер иесі неге әлі күнге дейін үйленбегенін ашық айтып, бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.

Димаш Құдайберген неге үйленбей жүргенін айтты
baq.kz

“Үйлену — тағдырға әсер ететін шешім”

Әншінің айтуынша, оған “қашан үйленесіз?” деген сұрақ жиі қойылады. Алайда Димаш бұл мәселеде асығыстыққа жол бермейтінін айтты.

“Ең бастысы — таңдау жасағанда өте жауапкершілікпен қарау керек. Кейде сезімге еріп, қыздың тағдырына зиян келтіріп алудан қорқамын. Сондықтан бұл мәселеге жеңіл қарамаймын”.

Өнер иесі некені жай ғана қарым-қатынас емес, өмірлік маңызды қадам деп санайды.

“Нағыз неке — бірге қартайуды армандау”

Димаштың пікірінше, отбасын құру — екі адамның ұзақ өмірді бірге өткізуді мақсат етуі.

“Менің ойымша, үйленген адам сол жанмен бірге бір жастықта қартаюды армандауы керек”, — деді әнші.

Бұл сөздер оның отбасылық құндылықтарға деген көзқарасының қаншалықты терең екенін көрсетеді.

Әнші ер азаматтың басты міндетін атады

Сондай-ақ Димаш қазіргі қоғамдағы кейбір ер азаматтардың әйелдерге деген қарым-қатынасына да тоқталды. Оның айтуынша, ер адам — ең алдымен қорған және тірек болуы тиіс.

“Өкінішке қарай, кейбір ер адамдар әйелдерді ренжітеді. Ал нағыз ер азамат — қорғаушы әрі қамқор болуы керек. Ер адамның абыройы — әйелді сыйлап, аялауда”, — деп атап өтті ол.