Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Аптап ыстықта дұрыс тамақтанудың құпиясы: ТОП-5 жеңіл тағам

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 08:00

Жаздың аптапты күндерінде ауыр тамақ ағзаны шаршатып, ұйқыны бұзуы мүмкін. 

shuba.life
shuba.life

Жаз мезгілінде күннің аптап ыстығы ағзаны әдеттегіден артық жұмыс істеуге итермелейді — ол дене температурасын реттеуге тырысады. Бұл ретте ауыр, майлы және тұзды тағамдар ағзаға қосымша салмақ түсіріп, ұйқының сапасына, энергия деңгейіне кері әсер етуі мүмкін.

Биолог және нутриционист Гайя Готтарди түсіндіргендей:

"Тепе-теңдікті сақтай отырып, жеңіл әрі жаңа өнімдерді таңдаған дұрыс. Бұл тек ыстықты жеңілдетіп қана қоймай, жақсы ұйықтауға да көмектеседі."

Қандай тағамдардан бас тартқан жөн?

Дәрігердің айтуынша, жазғы кешкі асты дұрыс ұйымдастыру үшін тұзды, қантты, майлы және қуырылған өнімдерден бас тарту қажет. Мысалы:

  • Қызыл ет пен шұжықтар
  • Майлы тұздықтар
  • Қантты кондитер өнімдері мен фабрикалық балмұздақтар
  • Кофе мен алкоголь

Мұндай тағамдар сусыздануға, қан қысымының көтерілуіне, ұйқысыздыққа және жалпы әлсіздікке себеп болуы мүмкін.

moskvichmag.ru

Қандай тағамдарды тұтыну ұсынылады?

1. Жаңа көкөністер мен жемістер

  • Қияр, қызанақ, болгар бұрышы, цуккини – суға бай, калориясы төмен.
  • Қарбыз, қауын, шабдалы – су балансын қалпына келтіреді.

2. Толық дәнді дақылдар

  • Қара бидай, арпа, квиноа, қоңыр күріш – ұзақ уақыт тоқтық сезімін береді.

3. Жеңіл ақуыз көздері

  • Балық (әсіресе скумбрия, тунец), тауық еті, жұмыртқа, тофу, рикотта немесе фета ірімшігі.

4. Хош иісті шөптер

  • Жаңа жалбыз, базилик, ақжелкен, тимьян – тұздың орнына қолдануға болады.
  • Жалбыздағы ментол ағзада салқындату әсерін береді.

Қандай пісіру әдістері ұсынылады?

  • Буға пісіру – дәрумендерді сақтайды, жеңіл сіңеді.
  • Гриль немесе табада қысқа қуыру – майсыз дайындалады.
  • Шикі түрде пайдалану – салаттар, маринадталған көкөністер, поке-боул.
  • Тез дайындалатын әдістер – асүйді қыздырмайды, энергияны үнемдейді.
facebook.com

Рецепттер: Жазғы кешкі асқа арналған 4 ұсыныс

1. Фарро мен көкөністер қосылған салат

Құрамы: қайнатылған фарро, қызанақ, қияр, бұрыш, қара зәйтүн, фета, лимон шырыны, зәйтүн майы, базилик. Әсері: жеңіл, бірақ тойымды.

2. Киноа, авокадо және лосось боулы

Құрамы: пісірілген киноа, авокадо тілімдері, ысталған немесе маринадталған лосось, грильденген цуккини, күнжіт дәндері, лайм шырыны.

3. Хумус пен көкөністер

Құрамы: вареный ноқат, тахини, лимон шырыны, сарымсақ, EVO майы. Қосымшаға: сәбіз, балдыркөк, аскөк, тұтас дәнді наннан тосттар.

4. Жаңа шөптермен омлет және салат

Құрамы: 2 жұмыртқа, жалбыз, ақжелкен, базилик. Қосымшаға: руккола, апельсин және аскөктен салат.

Тамақ арқылы жеңілдік пен сергектік

Жазғы кешкі ас тек тойыну емес, денсаулықты сақтау және эмоциялық тепе-теңдікке жетудің амалы. Тамақтану – біздің көңіл-күйімізбен тығыз байланысты. Сондықтан да жеңіл, түрлі-түсті және пайдалы кешкі ас тек денені емес, жан дүниені де тыныштандырады.

"Физикалық және эмоциялық аштықты ажыратуды үйрену – нағыз жазғы бақыттың кілті." — Гайя Готтарди, нутрициолог.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір