
Соңғы уақытта дүкен сөрелерінде "глютенсіз" өнімдер көбейіп, жұлдыздар мен блогерлер оны салауатты өмір салтының бөлігі ретінде ұсынуда. Алайда глютеннен бас тарту бәріне бірдей пайдалы ма?
Глютен — бидай, арпа, қара бидай секілді дәнді дақылдарда кездесетін өсімдік ақуызы. Ол нан, макарон, печенье және ұн өнімдерінің құрамында көп кездеседі. Дәл осы өнімдерде адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер көптеп кездеседі.
Зерттеулер көрсеткендей, құрамында глютен бар дәнді дақылдар:
Глютенге қарсы диетаның кең таралуына себеп — глиадин мен глютенин атты глютен құрамындағы ақуыздардың зерттеле бастауы. Әсіресе, глиадин кей адамдарда целиакия атты ауруды тудыруы мүмкін. Бұл — глютенге төзімсіздікпен сипатталатын аутоиммундық дерт.
Ғалымдар целиакияға шалдыққан адамдар саны жалпы халықтың шамамен 3%-ын құрауы мүмкін дейді. Бірақ бұл ауруды өз бетіңізбен анықтау мүмкін емес.
Целиакия белгілері:
Бұл белгілердің ешқайсысы 100% дәл диагноз бола алмайды. Сол себепті дәрігер қан талдауы мен ішек биопсиясын, қажет болса генетикалық тексеру тағайындайды. Егер диагноз расталса, глютеннен толықтай бас тарту — жалғыз дұрыс шешім.
Глютеннен бас тарту тек целиакиямен шектелмейді. Кейбір адамдарда бидайға немесе өзге дәнді дақылдарға аллергия болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда реакция нақты глютенге байланысты ма, әлде басқа компонентке ме — арнайы зерттеу қажет. Кей жағдайларда, тіпті целиакия немесе аллергия болмаса да, глютен ағзада жасырын қабыну процесін тудыруы мүмкін. Бұл процесс ауыртпай өтуі мүмкін, бірақ иммундық жүйеге және зат алмасуға кері әсер етеді. Мұндай жағдайда ішек микрофлорасын тексеріп, қажетті пробиотиктер немесе емдік шаралар қолдану ұсынылады.
Егер сізде глютенге нақты медициналық қарсы көрсетілім болмаса, мұндай диета:
Сонымен қатар, кейбір глютенсіз өнімдерде артық май мен қант көп болуы мүмкін. Бұл оларды пайдалыдан гөрі зиянды етуі ықтимал.
Тағы бір маңызды жайт — глютенсіз өнімдердің бағасы жоғары, алайда олардың құрамындағы құндылық кейде бұл бағаға сай келмейді. Яғни, тек сәнге ілесіп, нан, макарон немесе өзге тағамдарды бірден рационнан алып тастау — денсаулық үшін тиімсіз әрі қымбат қадам болуы мүмкін.
Глютеннен бас тарту тек дәрігердің нұсқаулығымен жасалуы керек. Өз бетіңізше шешім қабылдап, глютенсіз диетаға көшудің еш қажеті жоқ, егер ол сізге медициналық тұрғыда тағайындалмаса. Глютенсіз тағам — целиакияға шалдыққандар үшін қажет, ал басқалар үшін бұл пайдалы тамақтанудың кепілі емес.