Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Күніне 10 минут: аяғыңыздағы ауырлық пен ісінуді жеңілдететін қарапайым жаттығулар

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:40

Жаздың ыстығында аяқтың ауырлауы, ісінуі жиі кездесетін мәселе. Сарапшылардың айтуынша, бұл құбылыс қан айналымының баяулауына байланысты.

барлық фото: ашық дереккөздерден алынған
барлық фото: ашық дереккөздерден алынған

Жоғары температурада тамырлар кеңейіп, қанды жүрекке айдайтын қақпақшалар әлсірейді. Соның салдарынан қан аяқта жиналып, ауырлық сезімін тудырады. 

Сертификатталған пилатес пен йога жаттықтырушысы Лаура Пуччини бұл мәселені жеңілдету үшін күн соңында небәрі 10 минут уақытыңызды бөліп, қарапайым жаттығулар орындауды ұсынады:

1. Балтырды белсендіру

Тік тұрып, аяқтарды иық деңгейінде қойыңыз. Саусақ ұшына көтеріліп, қайтадан өкшемен түсу керек. Бұл қимылды 30 рет қайталаңыз. Ол қан айналымын белсендіреді және тобықтағы ауырлықты азайтады.

2. Тобыққа қысым

Жаттығуды төсеніште жатып орындаңыз. Саусақтарыңызды алдымен еденге қарай, кейін жоғары бағыттап, аяқ ұшын кезек-кезек бүгіп-жазыңыз. Бұл қарапайым қозғалыс тобықтағы қан айналымын жақсартады.

3. «Велосипед» қимылы

Жатып алып, аяқтарыңызды көтеріп, кезекпен тізеңізді бүгіңіз. Велосипед тепкендей қимыл веноздық ағысты күшейтіп, қанды жүрекке қайта айдауға көмектеседі.

4. Тобық айналдыру

Жатып алып, аяқтарыңызды жоғары көтеріп, тобықты алдымен ішке, кейін сыртқа қарай айналдырыңыз. Осы қалыпта аяқтарыңызды жеңіл сілкіңіз. Бұл жаттығу ыстық күндері жиналған қаттылықты жояды.

5. Күнделікті қозғалыс

Күні бойы серуендеу, велосипед тебу немесе жүзумен айналысу аяқтағы ауырлықты азайтып, қан айналымын жақсартады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір