
Чиа дәндері – ұсақ әрі дәмсіз көрінгенімен, ағзаға зор пайдасы бар суперфуд. Олар жүрек-қантамыр жүйесін қорғап, қан қысымы мен холестеринді төмендетуге көмектесуі мүмкін.
Жаңа зерттеулер чиа дәндерінің жүрек-қантамыр жүйесіне пайдалы екенін көрсетті. Prostaglandins & Other Lipid Mediators журналында жарияланған деректер бойынша, олар қан қысымын, «жаман» холестерин мен триглицеридтерді төмендетуге ықпал етеді.
Ратгерс университетінің (АҚШ) маманы Стефани Джонсон чиа дәндерінің ақуызға, омега-3 қышқылдарына және антиоксиданттарға бай екенін атап өтті. Дегенмен, нәтиже әр адамның ағзасына және қолдану мөлшеріне байланысты.
Смузи: 2 ас қасық чиа, 70 г сұлы жармасы, 100 мл қантсыз йогурт, 120 мл жеміс фрэші. Барлығын блендерге салып, араластырып, салқындатып ішуге болады.
Пудинг: 3 ас қасық чиа, 1 стақан сүт, 120 мл йогурт, жидек, аздап ваниль. Чианы сүтке қосып 30 минутқа қалдырып, йогурт пен жидекпен араластырады.
Қалай тұтынуға болады?
Маңызды: күніне 2 ас қасықтан артық қолданбаңыз. Аллергия, бүйрек мәселелері және төмен қысым кезінде тұтынуға болмайды.