
Apple Watch Series 11 ресми түрде шықты. Компания бұл құрылғыны фитнес пен денсаулыққа арналған ең мықты смарт-сағат деп жариялады.
Жаңа сағаттар алғаш рет 5G-модеммен жабдықталды. Бұл жаттығу кезінде интернетті бұрынғыдан да жылдам пайдалануға мүмкіндік береді.
Экран Liquid Glass шынымен қапталған – ол сызаттарға екі есе төзімді. Сонымен қатар, корпусы қайта өңделген алюминий мен титаннан жасалған. Сағаттар бұрынғыдан да жұқа әрі жеңіл.
Apple Watch Series 11 ұйқыны қадағалау, қан қысымы мен жүрек ырғағын бақылау, ЭКГ түсіру сияқты мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңа Vitals панелі барлық негізгі көрсеткіштерді бір экраннан бақылауға жағдай жасайды.
Жаңа watchOS 26 жүйесімен бірге «Workout Buddy» атты жасанды интеллект негізіндегі функция қосылды. Ол жаттығуды дұрыс жасауға көмектеседі. Сондай-ақ, жаңа қимыл арқылы басқару, жетілдірілген Smart Stack және нақты уақытта аударма жасау мүмкіндіктері пайда болды.
Сарапшылардың пікірінше, Apple Watch Series 11 – фитнес пен денсаулыққа ең қолайлы смарт-сағат. Ол күнделікті өмірде де, спортта да сенімді көмекші болмақ.