
"Оқжетпес" ФК Қайрат Нұрдәулетовты ресми түрде команданың бас жаттықтырушысы етіп тағайындағанын хабарлады.
Жаңа келісімшарттың шарттары мен мерзімі әзірге жарияланбады. Дегенмен бұл тағайындау клубтың алдағы кезеңдегі амбициясын байқатады.
Бұған дейін клуб тізгінін ұстаған Андрей Ферапонтов жақында қызметінен кеткен болатын. Ол “Оқжетпесті” Бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шықты. Бұдан бөлек команданы күтпеген деңгейге дейін көтеріп, жанкүйерлер сенімін ақтады.
Қазір “Оқжетпес” Қазақстан чемпионатында 14 турдан кейін 21 ұпаймен алтыншы орында тұр. Бұл нәтиже — клуб тарихындағы ең үздіктердің бірі.