Клубтық әлем чемпионаты-2025: Алғашқы жартылай финалдық жұп анықталды (ВИДЕО)
АҚШ-та өтіп жатқан Клубтық әлем чемпионатында бірінші жартылай финалистер белгілі болды.
aljazeera.com
"Флуминенсе" мен "Челси" финал жолдамасына таласады
Алғашқы жартылай финалда Рио-де-Жанейро қаласынан "Флуминенсе" мен Лондоннан "Челси" клубтары шеберлік байқасады.
Бразилиялық клуб ширек финалда Сауд Арабиясының "Әл-Хилал" командасын 2:1 есебімен жеңді.
Ағылшындар да оңай емес қарсыласпен кездесті. Сан-Паулудан келген "Палмейраспен" болған тартысты матчта "Челси" дәл сондай есеппен жеңіске жетті.
Матч қайда және қашан өтеді?
Жартылай финалдық кездесу АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet