Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Футбол әлемі Диегу Жота және оның інісі Андре Силвамен қоштасты

Редактор Penalty.kz
05.07.2025, 19:00

Бүгін Испанияда жол апатынан қаза тапқан Португалия құрамасының және «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Диогу Жота мен оның інісі Андре Силвамен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы шараға футбол әлемінің жұлдыздары мен жаттықтырушылар, достары мен туыстары жиналды.

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Қаралы шара футболшылардың туған қаласы Гондомарда өтті. Қоштасу қызметі шамамен бір сағатқа созылып, оған отбасы мүшелері, достары, клубтағы әріптестері мен жаттықтырушылар қатысты. 

Қоштасу шарасында Вирджил Ван Дейк Диогу Жотаның 20-нөмірі жазылған гүлдестесін көтеріп жүрді. Ал оның командадағы серіктесі Эндрю Робертсон — Андренің 30-нөмірлі гүлдестесін көтеріп шықты. Қаралы процессия кезінде Диогу Жотаның табытын көтергендердің бірі — оның жақын досы Рубен Невеш болды. Бұл сәт әсіресе жанкүйерлер мен футболшылардың жүрегін тебірентті.

фото: sports.ru

Футбол әлемінің соңғы ерекше құрметі

Қоштасу рәсіміне футбол әлемінің танымал тұлғалары жиналды: Арне Слот («Ливерпульдің» бас бапкері), Джордан Хендерсон, Бернарду Силва, Бруну Фернандеш, Жоау Феликс, Жозе Фонте, Фабиньо, Тиаго Алькантара, Руй Патрисиу, Рикарду, Андре Орта және Ренату Вейга сынды жұлдыздар марқұмдарға соңғы құрметін білдірді.

фото: sports.ru
фото: sports.ru
фото: sports.ru

Қаралы шараға футболшылардан бөлек, мынандай бапкерлер мен функционерлер де келді: Фернанду Сантуш, Нуну Эшпириту Санту, Роберто Мартинес, Андре Виллаш-Боаш.

Футболшылар Жоау Канселу мен Рубен Невеш АҚШ-та өткен "Әл-Хилал" — "Флуминенсе" матчын аяқтай сала, арнайы рейспен Португалияға ұшып келді. Олардың әрекеті футболшылар арасындағы достық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.

фото: sports.ru

Португалияның екінші лигасында өнер көрсететін «Пенафиэл» клубының ойыншылары, марқұм Андренің командасы, қоштасу рәсіміне толық құрамда қатысты. Олар бауырлардың қазасына ортақтасып, құрмет көрсетті.

фото: rus.err.ee

Диогу Жота мен Андре Тейшейра да Силваның кенеттен қайтыс болуы — Португалия футболы ғана емес, бүкіл әлемдік футбол қауымдастығы үшін ауыр соққы болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір