
35 жастағы Кайл Уокер Премьер-лигаға оралған клубпен екі жылдық келісімшартқа отырды.
Англия құрамасының қорғаушысы Кайл Уокер «Бернли» клубына ауысты. Келісім құны бастапқыда төмен (£2-3 млн аралығында) болса да, түрлі бонустар мен шарттар арқылы £5 млн-ға дейін өсті. Уокер жаңа клубымен екі жылдық келісімге келісті.
35 жастағы футболшы «Бернлиге» келудегі басты себебінің бірі — клуб бапкері Скотт Паркермен қайта қауышу екенін атап өтті. Олар бұрын «Тоттенхэмде» бірге ойнаған.
“Мен мұнда келгеніме өте қуаныштымын. Скоттпен сөйлескеннен кейін оның алдағы маусымға қойған жоспарларын естігенде, бұл мүмкіндікті бірден қабылдадым. “Бернли”—дің Премьер-лигаға оралуы — үлкен жетістік. Команда керемет қорғаныс жүйесімен көзге түсті. Мен өз тәжірибеммен бұл жобаның бір бөлшегі болуға дайынмын,” — деді Уокер клубтың ресми сайтына берген сұхбатында
Кайл Уокер “Бернлидің" жазғы трансферлік терезедегі бесінші жаңа ойыншысы болып тіркелді. Клуб өткен маусымда Чемпионшипте екінші орын алып, Премьер-лигаға жолдама алған болатын.