Месси МЛС сұрмергендер тізімінде көш бастады

Сарапшы, спорт журналисі

"Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси Амери MLS чемпионатында үздіктер қатарына қайта шықты. 38 жастағы аргентиналық супержұлдыз "Нэшвиллге" қарсы дубль жасап, маусымдағы 16-голын тіркеді.

Мессидің тиімділігі 

Осылайша Лионель Месси сұрмергендер тізімінде алғашқы орынға шықты. Ол 16 гол соққан "Нэшвилл" ойыншысы Сэм Сарриджді қуып жетті. Алайда статистикаға үңілсек, аргентиналық футболшы бұл нәтижеге бар-жоғы 16 матчта қол жеткізсе, британдық шабуылшы 22 ойын өткізген. Айта кетейік, Сарридждің бес голы пенальтиден соғылса, Мессидің барлық доптары ашық ойын сәтінде енген.

Месси мен Сарриджге кімдер жақын?

Сұрмергендер рейтингінде үшінші орынды израильдік шабуылшы Тай Барибо ("Филадельфия Юнион") мен бразилиялық Эвандер Феррейра ("Цинциннати") бөлісіп тұр. Екеуінің де еншісінде — 13 голдан.

Месси мен MLS: аңыздың жаңа кезеңі

Лионель Месси "Интер Майами" сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Клубпен жасасқан келісімшарт 2025 жылға дейін жарамды. Осы уақыт аралығында ол МЛС-тің басты тұлғасына айналып үлгерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір