Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дау тудырған пенальти! Екі төреші футболдан шеттетілді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
13.07.2025, 16:58

«Тұран» – «Қызылжар» матчында бас төреші болған Тимур Кумашев пен VAR көмекшісі Георгий Чеховскийді 2025 жылғы маусымның соңына дейін қызметінен шеттетті. Екеуі де келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

paltoff.ru
paltoff.ru

Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» – «Қызылжар» арасындағы матчтағы даулы эпизод төрешілерге ауыр соққы болып тиді. Қазақстан футбол федерациясының Төрелік және инспекция департаменті 84-минуттағы пенальтиге себеп болған сәтке байланысты ресми мәлімдеме жасап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховский маусым соңына дейін барлық ойындардан шеттетілгенін хабарлады.

Қандай шешім дау тудырды?

Матчтың 84-минутында «Қызылжар» шабуылшысы мен «Тұран» қорғаушысы арасындағы эпизод үлкен талқыға түсті. Қорғаушының екі қолымен ұстағаны анықталса да, шабуылшының құлау сәті симуляция – яғни, әдейі құлау ретінде бағаланған. VAR төрешілерімен ақылдаса келе, бас төреші пенальти белгіледі. Бұл шешім қоғамда қызу пікірталас туғызып, ҚФФ тарапынан арнайы зерттеуге негіз болды.

Тергеу мен сараптама не көрсетті?

ҚФФ Интегрити офицерінің ұсынысы бойынша эпизод толықтай сарапқа салынды. Сарапшылар, төрешілер мен бейнематериалдардың негізінде төрешілердің кәсіби тұрғыдан төмен деңгейде жұмыс атқарғаны, бригада мүшелері арасында өзара үйлесімділік болмағаны және шешім қабылдау барысында жүйелі қателіктер жіберілгені анықталды.

ҚФФ Интегрити офицері мен Төрелік департаменттің ортақ ұсынысы негізінде:

  • Тимур Кумашев — 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы барлық матчтардан шеттетілді;
  • Георгий Чеховский — 2025 жылғы маусымның соңына дейін қызметінен шеттетілді.

Айта кетейік, екеуі де бұған дейін күмәнді матчтарға қатысы болуы мүмкін деген тергеу аясында тексерілу үстінде. Бұл жағдай төрешілік беделіне нұқсан келтірмеу және футболдағы әділдік пен сенімділікті сақтау мақсатында қабылданды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір