Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Олимпия» Алматыға қонды. Шешуші шайқас немен аяқталады?

Редактор Penalty.kz
13.07.2025, 20:00

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама беретін шешуші ойын алдында словениялық «Олимпия» Алматыға келіп жетті. 15 шілдеде «Қайратпен» өтетін жауапты матчта екі команда да барын салады – алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.

metaratings.by
metaratings.by

Словениялық «Олимпия» футбол клубы Алматыға келіп қонды. Енді олар 15 шілде күні өтетін Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта «Қайратқа» қарсы ойнайды.

Алғашқы ойын қалай аяқталды?

Екі команда арасындағы алғашқы кездесу 8 шілдеде Люблянада өтті және 1:1 есебімен аяқталды. Матчтың 59-минутында алматылық клубтың шабуылшысы Дастан Сәтпаев есеп ашқан болатын. Бірақ араға 7 минут салып, «Олимпия» ойыншысы Диогу Пинту таразы басын теңестіріп кетті.

Қайда және қашан өтеді?

Қарымта ойын 15 шілде күні сағат 20:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл кездесудің жеңімпазы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығады және онда Финляндияның КуПС немесе Молдованың «Милсами» клубының бірімен кездеседі.

Матч алдындағы жағдай

Словениялық клуб Алматыға бірнеше күн бұрын келіп, бейімделу жаттығуларын бастап кетті. Команданың басты мақсаты – сырт алаңда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өту. Ал «Қайрат» өз жанкүйерлерінің алдында бар күшін салып, тарихи жеңіске жетуге ұмтылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір