Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Клуб ешқашан келісілген матчтарға қатыспаған". "Қызылжар" мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
17.07.2025, 15:11

Қазақстан Премьер-лигасындағы даулы жағдайдан кейін Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубы өзіне тағылған айыптауларға жауап берді.

Offside.kz
Offside.kz

Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» – «Қызылжар» матчының айналасындағы дау қыза түсті. Ойын барысында төрешінің 86-минуттағы даулы пенальти шешімі футбол жанкүйерлері мен сарапшылар арасында үлкен резонанс тудырған болатын. Осыған байланысты «Қызылжар» футбол клубы ресми мәлімдеме жасады.

«Қызылжардың» мәлімдемесі

Петропавлдық клуб өз мәлімдемесінде әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат көздерінде тараған «келісілген матч» жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

«Клуб ешқашан келісілген матчтарға қатыспаған. Мұндай мәлімдемелер клубтың беделіне нұқсан келтіруді көздейтін жалған ақпарат. Біз кез келген тексеруден өтуге дайынбыз және құзырлы органдарға жан-жақты көмек көрсетуге әзірміз. Анонимді немесе аффилирленген ресурстар таратып жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырамыз»,делінген клубтың ресми хабарламасында.

Даудың басталуына не себеп болды?

Даулы эпизод 86-минутта тіркелді: төреші «Қызылжар» пайдасына пенальти белгілеп, бұл шешім жұртшылық тарапынан үлкен сынға ұшырады. Осы шешім төрешілердің кәсібилігі мен матчтың адалдығына күмән тудырды. Артынша ҚФФ Төрелік және инспекция департаменті бас төреші Тимур Кумашев пен VAR көмекшісі Георгий Чеховскийді маусым соңына дейін төрешіліктен шеттеткенін хабарлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір