
CBS Sports басылымының жаңартылған рейтингінде Мысыр шабуылшысы Мұхамед Салах «Алтын допқа» басты үміткер ретінде көш бастады.
CBS Sports басылымы 2025 жылғы "Алтын допқа" үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл жолғы тізімде күтпеген өзгерістер болды.
Маусымның аяқталуы және Клубтық әлем чемпионатының нәтижелерінен кейін тізімнің басына күтпеген жерден мысырлық шабуылшы Мұхамед Салах көтерілді. Бұған дейін көптеген сарапшылар мен басылымдар басты фаворит ретінде Усман Дембелені атаған еді. Алайда оның «ПСЖ»-мен бірге «Челсиден» финалда ұтылуы француз футболшысының рейтингтегі орнын әлсіретті. Нәтижесінде Дембеле үшінші орынға сырғыды.
Рейтингке алғаш рет «Челси» ойыншысы Коул Палмер енді. Ол АПЛ-дегі жарқын маусымынан бөлек, әлем чемпионатының финалында ПСЖ қақпасына шешуші гол соғып, көзге түсті.
Тағы бір назар аударарлық жағдай — Ламин Ямальдың төмендеуі. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ерекше ойынына қарамастан, «Барселона» жас жұлдызы тек алтыншы орынмен шектелген.