ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Әйелдер футболында тарихи рекордтық трансфер жасалды

АҚШ-тың әйгілі футбол клубы "Орландо Прайд" Мексика құрамасының шабуылшысы Лизбет Овальені қатарға қосты.

Әйелдер футболында тарихи рекордтық трансфер жасалды
sportilinet.kz

Рекордтық сома

Клубтың ресми ақпаратына сәйкес, трансфер құны 1,5 миллион АҚШ доллар болды. Бұл – әйелдер футболы тарихындағы ең қымбат келісім. Овальемен жасалған келісімшарт екі маусымға есептелген.

Мексикалық шабуылшының жетістіктері

25 жастағы футболшы бұған дейін Мексиканың ең табысты клубтарының бірі – “Тигрес” сапында өнер көрсетті. Ұлттық құрамада Овалье 81 матчта 20 гол соғып, командасының негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Бұрынғы рекорд

Айта кетсек, бұған дейінгі ең қымбат трансфер биылғы жазда тіркелген еді. Ол кезде канадалық шабуылшы Оливия Смит “Ливерпульден” “Арсеналға” 1 миллион фунт стерлингке ауысқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.