"Қайрат" жанкүйерлеріне қуанышты жаңалық жарияланды
Жанкүйерлерге қосымша 1000 билет сатылымға шығатыны белгілі болды.
Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» – «Селтик» матчы алдында жанкүйерлер үшін жақсы жаңалық жарияланды.
Қосымша билеттер сатылымға шығады
25 тамыз күні сағат 13:00-де жанкүйерлерге арналып қосымша шамамен 1000 билет сатылымға шығарылады. Бұл билеттер УЕФА-ның резервінен босап, клубқа қайтарылған орындар есебінен қолжетімді болып отыр.
Билеттерді қайдан сатып алуға болады?
Жанкүйерлер билеттерді:
- Qairat SuperApp мобильді қосымшасынан,
- ФК «Қайрат» ресми сайтынан,
- Ticketon платформасынан сатып ала алады.
Әр жанкүйерге тек бір билеттен ғана беріледі.
“УЕФА-ның резервтен қайтарылған билеттердің есебінен клубқа шамамен 1000 орын қайтарылды. Енді оларды сатып алуға болады”, – делінген хабарламада.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.