
Соңғы күндері қазақстандық футбол жанкүйерлері арасында үлкен талқыға түскен жаңалық ресми түрде теріске шығарылды. Словакияның "Слован" клубы бас бапкері Владимир Вайсстың Қазақстан ұлттық құрамасына келуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Словакиялық бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибелі бапкердің Қазақстан құрамасын қабылдауы мүмкін екені туралы хабар тараған. Бұл жаңалық бірден спорттық ортада қызу талқыланып, жанкүйерлер арасында түрлі болжамдарға себеп болды.
Бірақ братиславалық клуб ресми сайтында арнайы мәлімдеме жариялап, бұл қауесетті жоққа шығарды:
“Бүгін Словакия медиасында біздің бас бапкер Владимир Вайсстың Қазақстан құрамасына ауысуы мүмкін екенді туралы ақпарат шықты. “Слован” ФК бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Біз осындай алып-қашпа әңгімелер мен күмәнді дереккөздерден тараған жалған мәліметтерге қарсымыз”, – делінген мәлімдемеде.