Темірлан Анарбеков ҚПЛ-дегі №1 футболшы атанды
Қазақстан футболында әлеуметтік желідегі ең жылдам өсім көрсеткен ойыншы "Қайраттың" 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков болды.
sportilinet.kz
Рекордтық көрсеткіш
Бар-жоғы 38 сағат ішінде Анарбековтің жазылушылар саны 1 800-ден 131 мыңға дейін өсіп, елдегі ең танымал футболшылардың біріне айналды. Қазір ол Қазақстандағы екінші ең көп жазылушы жинаған ойыншы болса, ҚПЛ-дегі №1 футболшы атанды.
Чемпиондар лигасындағы сенсация
Анарбековтің мұндай танымалдығы тікелей оның Чемпиондар лигасындағы тарихи ойынымен байланысты. Ол "Селтикке" қарсы пенальти сериясында нағыз қаһарманға айналды. 5 пенальтидің 3-еуін қайтара білді. "Қайратқа" жеңіс сыйлап, клубты Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығарды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet