
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындар алдында дайындық барысын баяндады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға дайындық барысы жайлы айтты. Бұл туралы sports24.kz хабарлады.
Бапкердің сөзінше, футболшылардың барлығы жаттығуға толыққанды қатысып жатыр. Дегенмен, дайындық әр ойыншының жағдайына байланысты біркелкі болмай отыр.
«Бұл, бәлкім, ең күрделі кезеңдердің бірі. Чемпионат пен кубок ойындарының ауыстырылуына байланысты футболшылардың жүктемесі әртүрлі болды. Қазір медициналық тексерулер мен тестілер өткізіп, бәрін бірдей деңгейге келтіруге тырысып жатырмыз. Қиындықтар бар, бірақ бәрін бір қалыпқа жеткіземіз», – деді Әлиев.
Бас бапкер құраманың басты күші — ойыншылардың жігері мен жанкештілігі екенін атап өтті:
«Әр футболшының қайратына сенемін. Жанкүйерлер алдында әдемі ойын көрсетуге ниеттіміз. Қарсылас мықты, бірақ бізге де қолайлы. Ең маңыздысы – денсаулықты сақтау және жарақатсыз ойнау», – деді ол.
Бұл ойындар Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатына іріктеудегі шешуші сынақтар болмақ.