ҚПЛ-дың кейінге шегерілген матчында сенсация тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турынан кейінге шегерілген матчында «Ұлытау» өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді.

Матч барысы

Ойынның басында алаң иелері жоғары қарқын көрсетіп, 6-минутта бұрыштамадан кейін Георгий Бугулов баспен соққы жасап, есеп ашты. Алайда бірінші таймның қосылған минуттарында «Ақтөбе» ойыншысы Жайро Жан айып алаңының ортасынан дәл соққымен таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін командалар алма-кезек шабуылға шықты. 74-минутта Бағдат Данияров айып алаңындағы мүмкіндікті мүлт жібермей, жеңіс голын соғып кетті. 

Турнирлік жағдай

Бұл жеңістен кейін «Ұлытау» ұпайын 21-ге жеткізіп, турнир кестесінің төменгі бөлігінде тұр. Ал 39 ұпайы бар «Ақтөбе» көшбасшылар қатарында қалғанымен күтпеген жеңіліске тап болды.

«Ұлытау» (Жезқазған) — «Ақтөбе» 2:1 (1:1)
Голдар: Бугулов 6 (1:0), Жан 45+2 (1:1), Данияров 74 (2:1).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір