ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Еркебұлан Сейдахмет: «Ақтөбемен» чемпион атанып, «Таразды» қайта көтеремін!»

«Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет туған клубы «Тараздың» қазіргі жағдайы туралы ойын айтты. 

Еркебұлан Сейдахмет: «Ақтөбемен» чемпион атанып, «Таразды» қайта көтеремін!»
instagram/@seidakhmet_e

«Тараздың» тағдырына алаңдаулы

«Өкінішке қарай, қазір «Тараз» Бірінші лигада ойнап жүр. Бұл клубтан әрдайым дарынды футболшылар шыққан.

Үмітім бар — жақсы басшылық пен демеушілер табылып, команда қайтадан жоғары деңгейге көтеріліп, Еурокубок жолдамасы үшін күреседі деп сенемін», — деді Сейдахмет.

«Командаға көмектескім келеді» 

«Ақтөбе» сапында чемпион атанған соң, «Таразға» көмектескім келеді. Егер туған жердің жігіттері — бауырлар, ағаларымыз — бас қосып, клубты қайта аяғына тұрғызса, бұл жанкүйерлерге үлкен қуаныш болар еді», — деп атап өтті ол.

Еркебұлан Сейдахмет — тараздық футбол мектебінің түлегі. 2017 жылы «Тараздың» негізгі құрамында 15 матч өткізіп, кәсіби мансабын дәл осы клубта бастаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.