
"Қайрат" басшысының айтуынша, Сәтпаев биылғы маусымда Дастанның ашылуына негізгі шабуылшылардың ауыр жарақаты себеп болды.
«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Футбол жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында «Қайрат» клубының жас таланты Дастан Сәтпаев жайлы сөз қозғады.
«Дастан Сәтпаевтың мүмкіншілігі жоғары. Бірақ біз дәл осылай болады деп күтпедік. Басында ол қосалқы құрамнан ғана шығып жүр еді. Оның үстіне оның ашылуына бірінші турда Элдер Сантана және 5-турда Жоао Паулоның жарақат алуы да әсер етті. Ол мүмкіндігін қалт жібермеді. Сонда да оны барынша сақтап жүрміз. Ол тамыз айында ғана 17-ге толды. Кейінгі 8 айдағы нәтижесіне қарап-ақ, оның жоғары деңгейде ойнай алатынын айтуға болады. Чемпиондар лигасында «Селтик», «Спортинг», «Қайратқа» қарсы матчтарда қарсыластар оған арнайы бір жылдам ойыншысын да бекітті. Олар Дастан Сәтпаевтың қандай футболшы екендігін біледі», - деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев осы маусымда «Қайрат» сапында 37 ойынға қатысып, 16 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.