Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Зинедин Зидан Мбаппенің бапкері болуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Футбол әлемінің аңызы Зинедин Зидан үлкен футболға қайта оралатынын растап, алдағы уақытта Франция ұлттық құрамасын жаттықтыруды басты мақсаты санайтынын айтты.

Зинедин Зидан Мбаппенің бапкері болуы мүмкін
Зинедин Зидан

"Мен міндетті түрде бапкерлікке ораламын."

Зидан бұл туралы Италияда өткен Festival dello Sport di Trento іс-шарасында мәлімдеді:

"Мен міндетті түрде бапкерлікке қайта ораламын. Болашақта не боларын білмеймін, бірақ мен Франция құрамасымен бір нәрсе істей алатынымды сеземін. Бір күні сол команданы басқарғым келеді."

Бұл Зиданның Франция құрамасын басқаруға деген алғашқы ниеті емес. Ол 2022 жылы да L’Équipe басылымына берген сұхбатында:

"Иә, бұл жұмысты қалаймын. Бір күні солай боларына сенемін.” – деген болатын.

Зидан соңғы рет "Реал Мадридті” 2021 жылы басқарды. Ол Мадридтік клуб тарихындағы ең табысты кезеңнің символына айналды. 2016–2021 жылдар аралығында Зидан командамен бірге 3 рет қатарынан Чемпиондар лигасын (2016, 2017, 2018), 2 Ла Лига титулын және бірнеше рет Клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Француз маманы 2006 жылғы әлем чемпионаты финалынан кейін футболшы ретінде мансабын аяқтаған еді. 8 жылдан соң бапкерлік жолын "Реал Мадрид Кастильядан” бастап, көп ұзамай басты құрамға келіп, футбол тарихындағы ең беделді бапкерлердің бірі атанды.

Дидье Дешамға не болмақ?

Қазіргі Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2012 жылдан бері ұлттық команданы басқарып келеді. Ол 2018 жылғы әлем чемпионы, ал 2022 жылы Катарда күміс жүлдегер атанды. Бірақ 56 жастағы Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қызметін тоқтататынын растады:

"2026 жылы бәрі аяқталады. Менің уақытым бітті. Сол жылы кету – ең дұрыс шешім." – деді ол TF1 телеарнасына берген сұхбатында.

Бұл жаңалық Зидан үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Себебі Франция футбол федерациясы әлі нақты мұрагерді анықтаған жоқ.

Зидан – Франция тарихындағы ең танымал футболшылардың бірі. Ол ұлттық құраманың сапында 80 матч өткізіп, 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанған. Егер жоспар ойдағыдай болса, 2026 жылдан кейін Зидан ұлттық құраманың тізгінін алып, жаңа дәуір бастауға дайын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір