Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Винисиус Жуниор түрмеге тоғытыла ма?

Сарапшы, спорт журналисі

"Реал Мадридтың" жұлдызы Винисиус Жуниор туған күніне арнап өткізген сән-салтанатты кешінен кейін заң алдында жауап бермек.

Винисиус Жуниор түрмеге тоғытыла ма?
Сурет: ашық дереккөздерден

Бразилиялық шабуылшы шілде айында Рио-де-Жанейрода 25 жасқа толғанына орай 500 адамға арналған жеке ойын-сауық саябағын – “Vini’s World” салып, үлкен той ұйымдастырған.

Алайда кештің даңғырлаған музыкасы мен айқай-шуы көршілердің наразылығын тудырып, әскери полиция шақыртылған. Бір тұрғынның шағымынан кейін полиция мерекедегілерге дыбыс деңгейін азайтуды сұраған, бірақ біраз уақыттан соң музыка қайта күшейген.

Бразилияның O Globo және MARCA басылымдарының хабарлауынша, енді футболшы "басқалардың тыныштығы мен еңбегіне кедергі келтірді” деген айыппен сотқа тартылуда. Іс Рио-де-Жанейроның 9-арнайы қылмыстық сотында қаралып жатыр, алғашқы тыңдау қарашаның 6-сына белгіленген.

Бразилия заңына сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін 15 күннен 3 айға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салынуы мүмкін.

Винисиус өзінің туған күнін ерекше атап өтуді жөн көріп, Америкалық рэпер Travis Scott-тың “Astroworld” альбомына арнап "Vini’s World" атты жеке ойын-сауық саябағын салған. Кешке аттракциондар, самба би топтары және тікелей концерттер ұйымдастырылған.

Қонақтар қатарында белгілі жұлдыздар болған

Қонақтар қатарында “Реал” ойыншысы Эдуарду Камавинга және әйгілі Бразилиялық әнші Анитта болған. Трэвис Скотттың өзі сахнаға шығып, мерекені шын мәнінде шоуға айналдырған.

Бұл оқиға Винисиустың жеке өміріндегі дау-дамайдан кейін орын алып отыр. Жуырда ол Бразилиялық тележүргізуші әрі инфлюенсер Виржиния Фонсекаға көпшілік алдында кешірім сұрап, Instagram арқылы жазба жариялаған.

Фонсека Винисиустың басқа әйелдермен хат жазысқанын біліп, екеуінің қарым-қатынасы үзіліп кеткен.

"Мен өзімнің кейбір әрекеттерімнің дұрыс болмағанын түсіндім. Виржиния – ерекше адам, тамаша ана. Мен оған шын жүректен алғыс айтып, кешірім сұраймын.” – деп жазды футболшы.

Жеке өміріндегі қиын сәттерге қарамастан, Винисиус алаңда тамаша формада. 2025/26 маусымында ол серіктесі Килиан Мбаппемен бірге жарқырауда. "Реал Мадрид" Хаби Алонсоның басшылығымен Ла Лига мен Чемпиондар лигасында алғашқы 10 ойынның 9-ын жеңіп алды.

Мбаппе олардың серіктестігі туралы былай деді:

"Менің Винисиуспен қарым-қатынасым биыл өте жақсы. Біз бір-бірімізді жақсырақ түсінеміз. Егер трофей ұтқымыз келсе, екеуміз де ең жоғары деңгейде ойнауымыз керек."

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір