Өзбек сарапшылары: Қазақ футболы әзірге артта келеді

Сарапшы, спорт журналисі

Спорт сарапшыларының пікірінше, соңғы нәтижелер екі елдің футбол дамуындағы айырмашылықты айқын көрсеткен.

Өзбек сарапшылары: Қазақ футболы әзірге артта келеді
sportarena.kz

Өзбекстандық БАҚ Қазақстан жастар құрамасына қарсы екі жолдастық кездесуден кейін батыл мәлімдеме жасады. Спорт сарапшыларының пікірінше, соңғы нәтижелер екі елдің футбол дамуындағы айырмашылықты айқын көрсеткен.

Өзбекстанның спорт басылымы Upl.uz Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасындағы кездесулерден кейін арнайы талдау жариялады.

Екі елдің U-21 және U-20 құрамалары арасындағы жолдастық матчтарда Өзбекстан жеңісті қолдан бермеді:

  • U-21: Өзбекстан – Қазақстан 1:0
  • U-20: Өзбекстан – Қазақстан 3:1

Басылым өз материалында былай деп жазды:

«Өзбекстанның жастар құрамалары Қазақстанды екі кездесуде де сенімді ұтты. Бұл – өзбек футболының жастар деңгейінде айқын басымдығын көрсететін нәтиже. Егер өзбек құрамасы әлем чемпионатына жолдама алып, ал қазақстандықтар іріктеуде сүрінгенін ескерсек, қазіргі таңда Өзбекстанның футбол жүйесі Қазақстаннан алда тұр деп сеніммен айтуға болады».

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір