«Қайрат» түлегі өмірден өтті
Қазақстан футболында орны толмас қаза. «Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы, «Қайрат» академиясының түлегі Диас Төлеу 19 жасында дүниеден өтті.
ҚФФ ресми мәлімдеме жасады
«Қазақстан футбол федерациясы „Хан-Тәңірі“ клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. Жас болса да, Диас футболға деген шексіз құштарлығымен және табиғи талантымен ерекшеленді. Оның бұл дүниеден ерте кетуі — зор қаза. Осы ауыр сәтте марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз», — делінген ҚФФ хабарламасында.
Жас таланттың футболдағы ізі
Диас Төлеу — алматылық «Қайрат» клубының академиясында тәрбиеленген болашағы зор футболшы еді.
2025 жылғы маусымда ол «Хан-Тәңірі» сапында 25 ойын өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.