Елдос Ахметов Қазақстан жастар құрамасының бапкерлік штабына кірді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан жастар құрамасында жаңа бапкерлік штаб құрылды.

Елдос Ахметов Қазақстан жастар құрамасының бапкерлік штабына кірді
Елдос Ахметов.

Бұған дейін U-21 құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалған Андрей Ферапонтовтың қасында Ұлттық құраманың бұрыңғы қорғаушысы Елдос Ахметов ассистент ретінде жұмыс істейді.49 жастағы Андрей Ферапонтов жастар құрамасын қараша айындағы екі маңызды ойынға дайындайды.

• 14 қарашада — Словакияға қарсы (сапарда),

• 17 қарашада — Молдоваға қарсы (өз алаңында).

Ал оған көмектесетін — Елдос Ахметов Ферапонтовқа жас ойыншылармен жұмыс істеуде, қорғаныс жүйесін реттеуде және команданың психологиялық ахуалын көтеруде қолдау көрсетеді.

Елдос Ахметов Қазақстан құрамасының жейдесін ұзақ жылдар бойы қорғап, “Астана”, “Қайрат” секілді беделді клубтарда ойнаған. Ол өзінің ойын тәжірибесін енді жас буынға жеткізуге ниетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір