Жуырда FIFA-ның дау шешу палатасы өзбек футболшысы Шохбоз Умаров пен «Ордабасы» клубы арасындағы қаржылық дауға нүкте қойды.
Өзбек футболшысы Шохбоз Умаров пен «Ордабасы» клубы арасындағы қаржылық дауға қатысты мәселе шешілді. Эмилио Гарсия Сильверо бастаған FIFA сарапшылары шымкенттік клубты ойыншыға 31,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.
Ташкенттің «Пахтакор» клубының түлегі Шохбоз Умаров Қазақстанға 2022 жылдың жазында келді. Оның дебюті Павлодардың «Ақсуына» қарсы Кубок матчында өтті.
Бір қызығы, өзбекстандық жартылай қорғаушыны шымкенттік «Ордабасы» клубы Беларусьтің БАТЭ командасынан жалға алған болатын. Маусым соңында «Техастықтар» ойыншыны толықтай сатып алып, оның трансфері үшін €50 мың төледі.
Умаров үш маусым бойы «Ордабасының» негізгі құрамында ойнады. Осы аралықта ол:
Маусым алдында Шохбоз Умаров Instagram парақшасында шымкенттік жанкүйерлерге алғыс айтып, командамен қоштасты:
«Осы үш жылда маған қолдау көрсетіп, бірге қуанып, бірге уайымдаған әр адамға алғыс айтамын», — деп жазды ол.
2024 жылы өзбек ойыншысы FIFA-ның дау шешу палатасына шағым түсірді. Себебі клуб келісімшарттағы кейбір қаржылық міндеттемелерді орындамаған.
Құжаттарда көрсетілгендей, «Ордабасы» ойыншыға 16,6 миллион теңге жалақы төлеуге және жыл сайынғы ақылы демалыс (28 күн) беруге тиіс болған.
Сонымен қатар, клуб чемпион болған жағдайда команданың барлық ойыншыларына 400 миллион теңге бонус төлеуге уәде берген. Бұл шарт орындалған — «Ордабасы» 2023 жылы тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. Бірақ Умаров бұл ақшаны алмаған.
FIFA-ның құқықтық департаментінің жетекшісі Эмилио Гарсия Сильверо істі толық зерттеп, футболшының пайдасына шешім шығарды.
Төрелік шешім бойынша, «Ордабасы» клубы:
Осының бәрін қосқанда, шымкенттіктердің ойыншы алдындағы жалпы қарызы 31,69 миллион теңге (шамамен $58,8 мың) болып шықты.
Клубтың заңгерлері FIFA-ға өз уәжін де ұсынған. Олардың айтуынша, бонус төлемдері тек клуб басқармасының ресми шешімімен бекітілуі керек, ал бұл процедура орындалмаған. Сондықтан олар «бұл төлемдер қосымша келісімде емес, негізгі еңбек шартына енгізілуі тиіс еді» деп мәлімдеген.
Алайда FIFA бұл аргументті қабылдамады — себебі клуб жазбаша уәделерін растаған және футболшы тарапынан барлық міндеттемелер орындалған.