“Қайрат” – “Астана” матчынa төрешілік ететін әділ қазылар шетелден келетін болды
Қазақстан Премьер лигасының 26-туры аясындағы шешуші – “Қайрат” пен “Астана” матчының төрешілер құрамы белгілі болды.
Oйынды басқаруға Италиядан төрешілер шақырылған.
Бас төреші қызметін 35 жастағы Маттео Маркетти атқарады. Оған бүйір сызық бойында Валерио Коларосси мен Кристиан Росси көмектеседі. Ал VAR жүйесін қадағалау міндеті тағы бір Италиялық маман — Давиде Герзиниге жүктеліп отыр.
Ал VAR (AVAR)-ға Қазақстандықтар төрешілер жауапты болады.
Естеріңізге салсақ, Матео Маркетти биылғы маусымда "Қайрат" ойынын екі мәрте төрешілік еткен болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.