Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбекстан ерлік танытып, әлем чемпионаты қатысушысын тізе бүктірді

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстан құрамасы БАӘ-де өткен Al Ain International Cup-2025 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда көршілеріміз әлем чемпионатынвң қатысушысы Иранды пенальти сериясында жеңді. 

Өзбекстан ерлік танытып, әлем чемпионаты қатысушысын тізе бүктірді
Instagram/@uzbekistanfa

Финалдағы драмалық жеңіс

Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталғаннан кейін жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Тартысты сәттерге толы айып добында Өзбекстан футболшылары салқынқандв ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Қызыл қағаз және мінез көрсеткен Өзбекстан

Финалдық матч өзбектер үшін оңай өткен жоқ. Ойынның 69-минутында қорғаушы Абдукодир Хусанов ирандық ойыншыға қарсы жасалған өрескел фол үшін тікелей қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды.

Соған қарамастан Өзбекстан қорғаныста қатесіз ойнап, негізгі уақытта қақпасын голдан аман сақтап қалды. Команданың осындай мінез танытуы пенальтиде жемісін берді.

Финалға апарар жол

Өзбекстан жартылай финалда Египет құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Иран Кабо-Вердемен негізгі уақытта 0:0 тең ойнап, пенальти сериясында 5:4 есебімен жеңіске жете алды. 

Бұл турнирге қатысқан төрт команда да 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып қойған құрамалар. Сондықтан финалдың мәртебесі де, жарыстың деңгейі де жоғары болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір