ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Лионель Месси әлемдік рекордты жаңартты

"Интер Майами" МЛС кубогінің финалына шықты.

Лионель Месси әлемдік рекордты жаңартты
Лионель Месси. Сурет: Getty Images

30 қараша түнінде АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласындағы «Чейз Стэдиум» аренасында MLS плей-оффының жартылай финалы аясында «Интер Майами» мен «Нью-Йорк Сити» командалары кездесті.

Ойын «қоқиқаздардың» ірі жеңісімен – 5:1 есебімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында аргентиналық вингер Тадео Алленде хет-трик авторы атанды. Тағы бір-бір голды аргентиналық Матео Сильветти мен венесуэлалық Теласко Сеговия соқты. Жұлдызды форвард Лионель Месси бұл матчта голдық пас берді. Осылайша, оның карьерасындағы нәтижелі пастар саны 405-ке жетті. Ол венгриялық аңыз шабуылшы Ференц Пушкашқа тиесілі асисттер рекордын жаңартты.

Осылайша, «Интер Майами» финалға жолдама алып, «Сан-Диего» — «Ванкувер Уайткэпс» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.