«Тобыл» сегіз ойыншы алуды көздеп отыр
Қостанайдың «Тобылы» алдағы маусым алдында кадрлық өзгерістерді ауқымды түрде жүргізуді жоспарлап жатыр.
instagram/@fctobol
Конференция лигасына дайындық
Нұрбол Жұмасқалиев жаттықтыратын қостанайлық клуб өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында қола жүлде алып, Конференция лигасына жолдама еншіледі. Енді еурокубок алдындағы басты мақсат – сапалы трансферлік науқан өткізу.
Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, «Тобыл» бірден сегіз жаңа футболшымен келісімшарт жасауға ниетті.
Қай позицияларға ойыншылар ізделіп жатыр?
Алдын ала жоспар бойынша қостанайлық клуб мына орындарға футболшы қосуды қалайды:
- екі орталық қорғаушы;
- бір оң қаптал қорғаушы;
- бір тірек жартылай қорғаушы;
- екі шабуылға бейім жартылай қорғаушы (плеймейкер);
- бір вингер (қапталдағы жылдам ойыншы);
- бір орталық шабуылшы.
Яғни «Тобыл» қорғаныс шебін де, ортаңғы және шабуыл сызығын да бірдей күшейтіп, бәсекеге қабілетті құрам жасақтауды көздеп отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet