«Ертістің» тәжірибелі жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаевтың айналасында трансферлік интрига күшейді. Бірнеше клуб футболшыны келесі маусымға қатарға қосуды көздеп отыр.
Павлодарлық «Ертісті» Премьер-лигаға қайта шығаруға көмектескен 30 жастағы Еркебұлан Тұңғышбаев клуб үшін маңызды фигураға айналды. Ол өткен маусымда 11 матчта 9 гол соғып, команданың шабуылдағы басты күштерінің бірі болды.
Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы өз нәтижесін дәлелдеген жартылай қорғаушыны сақтап қалуды бірінші кезектегі мақсаттарының бірі ретінде қарастырып отыр.
Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, ел чемпионатының жаңа маусымына дайындалып жатқан ақтаулық «Каспий» де Тұңғышбаевқа ресми ұсыныс жасауға дайын. Маңғыстаулықтар тәжірибелі ойыншыны ортаңғы шептегі лидер ретінде қарастыруда.
Жаңа маусымда ҚПЛ-де орнығып, жоғары орындарға таласуды көздейтін «Каспий» үшін Еркебұлан секілді нәтижелі хавбек – айтарлықтай күшейту болмақ.
Сонымен қатар Шымкенттің «Ордабасы» клубы да өз түлегін қайта қатарына қосу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Тұңғышбаев клубтың академия жүйесінен шыққан ойыншы, сондықтан оның қайта оралуы да әбден ықтимал сценарий ретінде қарастырылуда.
30 жастағы Еркебұлан Тұңғышбаевтың отандық футболдағы табыстары да аз емес: