Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Хартс» Қазақстан құрамасының ойыншысын ресми қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубына өтуді аяқтауға жақын. Футболшы жаңа командасының қатарына келесі аптада қосылмақ.

«Хартс» Қазақстан құрамасының ойыншысын ресми қабылдады
instagram/@kff

Чесноков Шотландияға қашан ұшады?

Қазақстандық вингердің 12–14 желтоқсан аралығында Шотландияға келуі жоспарланған. Сол жерде жұмысқа рұқсат беретін виза рәсімдеп, Эдинбург маңындағы Риккартонда орналасқан «Хартс» базасында жаңа командасымен бірге жаттығуды бастайды.

Чесноков қаңтардың басындағы матчтарға дайындығын дәл осы кезеңде пысықтамақ.

«Хартс» Чесноковты қашан тіркей алады?

Шотландия Премьер-лигасының регламентіне сай Ислам Чесноковты ел чемпионатына тіркеу құқығын «Хартс» клубы тек 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады.

Шотландия футбол қауымдастығы (SFA) трансферге арнайы рұқсат беріп, басқарма деңгейінде келісім рәсімдеген. Дәл осы құжат Ұлыбритания Ішкі істер министрлігі шетелден келетін спортшыларға виза рәсімдегенде негізгі негіздердің бірі саналады.

Дебют «Тайнкасл» аренасында өтеді

Ислам Чесноковтың «Хартс» сапындағы алғашқы ресми ойыны 3 қаңтарға жоспарланып отыр.

Жртылай қорғаушының дебюті Эдинбургтегі әйгілі «Тайнкасл» стадионында «Ливингстонға» қарсы өтетін матчта күтіледі. Егер құжаттар мен дайындық үдерісі кідіріссіз жүрсе, Чесноков жаңа клубында дәл осы ойында алғаш рет алаңға шығуы ықтимал.

Бұған дейін Ислам Чесноковтың айналасында түрлі сыбыстар тараған. Бірқатар ресейлік дереккөздер ойыншыны «Сочиге» ауысуы мүмкін деп атаған.

Алайда «Хартс» басшылығы келісімнің бұзылатыны жөніндегі барлық қауесетті ресми түрде жоққа шығарды. Клуб өкілдері Чесноковпен жеке сөйлескенін, ал футболшының өзі Шотландия чемпионатына өтетінін растағанын мәлімдеді.

«Тобылдағы» жылдар: кубоктар, голдар және үздік бомбардир атағы

Ислам Чесноков соңғы үш маусымды Қостанайдың «Тобыл» клубында өткізді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан футболында жарқын із қалдырды:

  • Ұлттық құраманың ойыншысы ретінде аты шығып, жұртқа кең таныла түсті;
  • «Тобыл» сапында екі рет Қазақстан кубогын және екі рет Суперкубокты жеңіп алды;
  • 2024 жылғы маусымда ҚПЛ-дың үздік сұрмергені атанды;

Қостанайлық клубта жалпы 92 матч өткізіп, 29 гол соқты және 15 нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір