ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Эрлинг Холандтың бас бапкері ӘЧ жеребе тарту рәсімін сынға алды

Столе Сольбаккен жеребе тарту рәсімін сынады.

Эрлинг Холандтың бас бапкері ӘЧ жеребе тарту рәсімін сынға алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккен жеребе тарту рәсімін сынады.

«Шынымды айтсам, бұл құдды бір «фрик-шоу» секілді болды. Ал біздің топқа мықты командалар жиналды. Қазір Эрлинг Холанд та, Килиан Мбаппе де керемет бабында. Екеуі де атой салып жүр. ӘЧ кезінде Эрлинг осы қалпынан танбай, Килиан сәл бәсеңдейді деп үміттенемін (күліп)», – деді Столе Сольбаккен.

Норвегияның тобына Франция, Сенегал түскен еді. Ал төртінші құрама құрлықаралық плей-оффтың бір жеңімпазы болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.