ҚПЛ клубы бес ойыншымен қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымына шамамен бір жарым айдай уақыт қалғанымен командада ойыншылар саны күрт азайып, жанкүйерлер арасында үлкен алаңдаушылық туындады. 

ҚПЛ клубы бес ойыншымен қалды
instagram/@fcokzhetpes

Негізгі құрамның көп бөлігі кетті

"Оқжетпес" ФК баспасөз қызметі әлеуметтік желіде өткен маусымдағы құрамның басым бөлігімен қоштасқан жазба жариялады. Тараптармен келісім бұзылған ойыншылар тізімінде:

Қақпашылар: Қажымұқан Төлепберген, Данил Подымский

Қорғаушылар: Бексұлтан Шәмші, Сұлтан Әбілғазы, Виктор Гунченко, Нұрлан Дайыров

Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат, Тимур Досмағамбетов, Страхинья Иованович, Адам Адаходжаев, Дамир Марат, Саламат Жұмабеков, Санжар Сатанов

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Шыңғыс Флюк

Себебі не?

Мұндай жаппай өзгеріс клубтағы жаңа басшылық пен жаңа жаттықтырушының келуімен байланысты болуы ықтимал. Жақында ғана "Оқжетпестің" бас бапкері болып Ринат Әлюетов таныстырылды. Ол өткен маусымда "Ертісті" жаттықтырған.

Клуб жанкүйерлері әлеуметтік желіде ашық наразылық білдіріп жатыр. Пікірлердің мазмұны шамамен мынадай:

  • "Неге негізгі ойыншылар жаппай кетіп жатыр? Нақты жауап бермей ме?" 
  • "Шынымен 15 ойыншы бір күнде кетті ме?" 
  • "Қаңтардың ортасы болды, бірде-бір трансфер жоқ, оқу-жаттығу жиыны да жарияланбаған…" 
  • "Командада біреу қалды ма өзі?" 
  • "Жақсы маусымнан кейін құрамда ешкім қалмайды деп кім ойлаған…" 

Өткен маусымдағы нәтиже және Нұрдәулетовпен келісімнің ұзартылмауы

Еске салайық, былтыр "Оқжетпес" көпшілік күтпеген жерден ұзақ уақыт бойы турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде жүрді. Алайда маусымды команда 8-орынмен аяқтады. Соған қарамастан бас бапкер Қайрат Нұрдәулетовпен келісімшарт ұзартылмаған.

Transfermarkt дерегіне сүйенсек, дәл қазір көкшетаулық клубта бар болғаны 5 футболшы тіркелген. Ал Қазақстан футболындағы маусым әдетте ақпанның соңы – наурыздың басында басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір