"Астана" маңызды ойыншылардан айырылды
Елордалық клуб Instagram-парақшасында келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін бірқатар ойыншының командадан кеткенін хабарлады.
Кімдер кетті?
Клуб мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан құрамасында да ойнаған тәжірибелі қорғаушылар Александр Марочкин, Марат Быстров және Дмитрий Шомко "Астанадағы" өнерін аяқтады. Себебі олардың келісімшарттарының мерзімі аяқталды.
Бұған дейін 33 жастағы қорғаушы Марат Быстров елордалық "Жеңістің" жаңа ойыншысы ретінде ресми таныстырылған. Ал Александр Марочкин "Тобылдың" оқу-жаттығу жиынына қосылды.
"Астананың" өткен маусымдағы нәтижесі
Еске салайық, "Астана" былтырғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымын күміс жүлдемен аяқтады. Ал чемпиондық атақ алматының "Қайратына" бұйырды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.