Елордалық клуб "Арсеналдың" экс-ойыншысын сатып алмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Футболшының трансферлік бағасы қазір 400 мың еуро шамасында.

Елордалық клуб "Арсеналдың" экс-ойыншысын сатып алмақ
BetNews.by

Астаналық «Жеңіс» футбол клубы Беларусь қақпашысы Максим Плотниковты өз қатарына қосуды қарастырып жатыр. 27 жастағы голкипер де елордалық клубқа ауысуға қарсы емес. 

«Жеңіс» бойынша нақты шешімді күтіп отырмын. Бәрі бір-екі күннің ішінде белгілі болады деп ойлаймын. Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына барамын ба — әзірге айта алмаймын», — деді Плотников.

Максим Плотников Қазақстан футболымен бұрыннан таныс:

  • 2023 жылы Қазақстан Премьер-Лигасында «Каспий» сапында өнер көрсетті;
  • Маусымнан кейін Беларуське оралды.

Беларусь қақпашысы өз елінде «Арсенал», «Торпедо-БелАЗ», «Славия» секілді клубтарда ойнаған. Сондай-ақ ол Беларусь ұлттық құрамасы сапында алты матч өткізген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Максим Плотниковтың трансферлік бағасы қазір 400 мың еуро шамасында.

Оқи отырыңыздар: 

Зинедин Зидан "Реалды" қайтадан басқаруы мүмкін

Қазақстанда ойнаған танымал футболшы қаза болды

Африка кубогының финалистері белгілі болды

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір