FIFA президенті қанша табады? Джанни Инфантиноның жалақысы 10 жылда төрт есе өскен

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиноның табысы соңғы он жыл ішінде төрт есеге жуық артқан. 

FIFA президенті қанша табады? Джанни Инфантиноның жалақысы 10 жылда төрт есе өскен
cnn.com

10 жыл бұрынғы жалақысы қандай болған?

Le Monde келтірген мәліметке сүйенсек, Инфантино FIFA тізгінін шамамен 10 жыл бұрын бұрынғы президент Зепп Блаттерден кейін қолға алған кезде оған жылына 1,5 млн доллар көлемінде жалақы белгіленген.

Содан бері АҚШ-тың салық органдары саласындағы сарапшылардың дерегінше, FIFA басшысының жалақысы төрт есе ұлғайған.

Қазіргі жылдық табысы: 6,133 млн доллар

Бүгінгі таңда Джанни Инфантиноның бір жылдық кірісі 6,133 млн доллар. Бұл сома бірнеше бөліктен тұрады:

  • 2,954 млн доллар — базалық жалақы
  • 1,874 млн доллар — бонус төлемдері
  • 1,148 млн доллар — өзге өтемақылар мен компенсациялар
  • 155 мың доллар — зейнетақы шығындары

Сондай-ақ соңғы әлем чемпионаты — Катардағы мундиаль FIFA президентіне қосымша қаржылай сыйақы әкелген. Оның мөлшері 1,77 млн еуро болған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір