"Манчестер Юнайтед" "Реалдың" алдын орап кетпек

Сарапшы, спорт журналисі

Қысқы трансфер терезесінде португалиялық жұлдызды футболшыға "құда" түсушілер көп.  

"Манчестер Юнайтед" "Реалдың" алдын орап кетпек
mirror.co.uk

“Реал” неге әрекет жасамайды?

Қысқы трансфер терезесінің басты кейіпкерлерінің бірі — португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Невеш. Испаниялық дереккөздердің жазуынша, футболшының қалауы Мадридтің “Реалына” ауып тұрғанымен “корольдік клуб” қаңтарда белсенді қадамға баруға асықпай отыр.

Ақпаратқа сенсек, Невештің қазіргі келісімі маусым соңына қарай аяқталуға жақын және ойыншы Еуропаға қайта оралуды көздейді. Бірақ “Реал” қысқы кезеңде күшеймейміз деген ұстанымын сақтап отыр. Клуб басшылығы қаңтарда трансфер жасауға құлықсыз. Бұл туралы Испания медиасында да бірнеше рет айтылды.

“Манчестер Юнайтедтің” жоспары қандай?

Осыны пайдаланған “Манчестер Юнайтед” нақты әрекетке көшкен. Fichajes мәліметінше, ағылшындық клуб “Әл-Хиләлге” Невеш үшін шамамен 23 млн еуроға (20 млн фунт маңайы) тең ұсыныс жолдаған. Манчестер бұл соманы ойыншы келісімшартының аяқталуына аз уақыт қалғанын ескерсек, тиімді мәміле санайды.

Бұған қоса, британиялық басылымдар да Невештің қайтадан Премьер-лигаға оралу нұсқасын қарастырып отырғанын жазып жүр. Ол бұрын Англияда ойнаған және чемпионат талабын жақсы біледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір