"Қыруар қаржы". ҚПЛ-ға жұлдыз ардагерлер неге шақырылып жатыр?

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда "Қайсарға" Виктор Мозес ауысатыны белгілі болды. Ал "Ақтөбе" сапына португалиялық футболшы Луиш Нани қосылмақ. 

"Қыруар қаржы". ҚПЛ-ға жұлдыз ардагерлер неге шақырылып жатыр?
sportnews.24tv.ua

Қазақстан Премьер-Лигасы клубтарының жасы келген футбол жұлдыздарын шақыруға қатысты қазір қоғам арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Осы үрдіске Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес өз пікірін білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Танымалдылық пен коммерциялық пайда

Эрбестің айтуынша, жұлдыз футболшыларды шақырудың басты артықшылықтарының бірі — футболды ел ішінде кеңінен насихаттау:

“Бұл, ең алдымен, футболдың танымалдығын арттырады. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды көру үшін жанкүйерлер стадионға келеді. Бұл — қосымша көрермен, жарнама, афиша, демек, қосымша табыс”, — деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы ардагер ойыншылардың қазіргі жағдайына қатысты күмән де барын жасырмады:

“Олардың нақты қандай формада екені белгісіз. Дегенмен, мүлде нашар футболшыларды алмас деп ойлаймын. Бірақ олардың деңгейі бұрынғыдай емес — бұл анық, — деді Эрбес.

Жастар мәселесі

Вячеслав Эрбес атап өткен ең үлкен минус — қазақстандық жас футболшылардың көлеңкеде қалуы:

“Егер деңгейі шамалас болса, клубтар өз тәрбиеленушісінен гөрі жұлдызды таңдайды. Өйткені оған қыруар қаржы құйылған. Кейін ол ойнамаса, басшылыққа қалай түсіндіресің? Ал біздің жігіт запасқа отырып қалады — бұл дұрыс емес”, — деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін “Ақтөбеге” еуропалық футболдың атақты өкілдері Луиш Нани мен Миралем Пьяничтің келуі мүмкін екені, ал “Қайсар” клубы “Челси” мен “Ливерпульде” ойнаған Виктор Мозесті қатарға қосатыны туралы ақпарат тараған болатын. 

Оқи отырыңыздар: 

Үш есе аз: АПЛ чемпионының "Қайсардағы" жалақысы белгілі

Жамбыл облысында 22 балуан ауруханаға түсті

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Мәселеге Данияр Елеусінов араласты

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір