ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

"Ордабасыда" кадрлық ауыс-түйіс

Шымкенттік клубқа жаңа президент келді.

"Ордабасыда" кадрлық ауыс-түйіс
instagram/@fc__ordabasy

Жаңа басқару құрылымына сәйкес, клуб президенті болып Дархан Қызайбаев бекітілді. Бұл кадрлық шешім “Ордабасының” алдағы стратегиясы мен даму бағытына тікелей әсер етпек.

Сонымен қатар клуб жекеменшік басқару форматына өтті. Енді “Ордабасыны” Integra Construction KZ ЖШС тізгіндейді. 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков клубты жаңа иесіне өткізу процесінде барлық ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етіп, тиісті жағдай жасады. Қала басшылығының іскер қадамы нәтижесінде “Ордабасы” алдағы уақытта жаңа даму кезеңіне қадам басады деген үміт басым.

“Ордабасы” ФК Асхат Рашидұлы Сейсембекке клуб президенті қызметіндегі атқарған жұмысы үшін ресми түрде алғыс білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.