"Ордабасы" кімнің меншігіне өтетіні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Шымкент әкімі клубты жекешелендіру және одан әрі дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. 

"Ордабасы" кімнің меншігіне өтетіні белгілі болды
Kapital.kz

Шымкентте "Ордабасы" футбол клубын жекешелендіру және одан әрі дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатқа қала әкімі мен Integra Construction KZ компаниясының иесі қол қойғаны белгілі болды. 

Меморандум – алғашқы қадам

Десе де, бұл құжат клубтың сатылғанын білдірмейді. Жекешелендіру процесінің бастау алғанын аңғартады. Алда бірнеше айға созылатын заңдық рәсімдер мен меншік құқығын рәсімдеу кезеңі бар.

Осыдан кейін "Ордабасы" футбол клубы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке қатысы бар компанияның бақылауына өтеді.

Инвестицияға жол ашылды

Аталған құжатқа сәйкес, клубқа инвестиция тартуға мүмкіндік бар. Яғни, болашақ меншік иелері заңдық рәсімдер толық аяқталмай тұрып-ақ команданы қаржылай қолдай алады.

Бұл қадам клубтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жол ашады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір