"Ордабасы" түлегі Германия құрамасына шақырту алды

Сарапшы, спорт журналисі

Жартылай қорғаушы DFB турниріне дайындық жиынына қатысады.

"Ордабасы" түлегі Германия құрамасына шақырту алды
aussiedlerbote.de

13 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Тәңіржан Еғалиев Германияның аймақтық U-14 құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады.  

Басылымның мәліметіне сәйкес, Еғалиев Орта Рейн аймағынан іріктелген 33 ойыншының қатарына енді. Олар Германия футбол одағы (DFB) аясында өтетін турнирге дайындық кезеңіне қатысады.

Аймақтық құраманың сапында Кельн, Бонн, Ахен және басқа өңірлердің талантты жас футболшылары бар.

Sports.kz

"Ордабасы" түлегі

Тәңіржан Еғалиев – шымкенттік "Ордабасы" футбол орталығының түлегі. Ол 2024 жылы Германияға ауысып, "Вест Кельн" клубының жасөспірімдер командасына қосылды.

Дебюттік маусымында қазақстандық ойыншы:

  • Дивизион чемпионы атанды;
  • ARAG Jugendpokal турнирін жеңіп алды;
  • Isotec-Sportcup жарысында топ жарды.

Нәтижелі ойын

Соңғы бес матчта Еғалиев төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір