FIFA басшысының шешімі мазақ болды

Сарапшы, спорт журналисі

Сарапшылар мұндай ереже ақылға қонымсыз деп санайды. 

FIFA басшысының шешімі мазақ болды
profile.ru

КСРО және Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Мостовой ФИФА президенті Джанни Инфантиноның бастамасын мазақ қылды. Әңгіме футболшылардың ойын барысында сөйлескенде аузын қолымен жабуына қатысты.

Инфантино не ұсынды?

ФИФА басшысы матч кезінде ойыншылар әңгіме барысында аузын қолымен жауып тұрса, оларды алаңнан қууды ұсынған. Сонымен қатар, ол нәсілшілдік сипаттағы сөздер үшін жазаны жеңілдету тетігін де қарастыру керек деген бастама көтерген еді.

Қазіргі ереже бойынша, нәсілшілдік әрекетге барған ойыншыға кемінде 10 матчқа дисквалификация қарастырылған.

Айта кетейік, бұл өзгерістерді 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) бекітуі мүмкін.

"Бұл – ақымақтық"

Александр Мостовой ұсынысты орынсыз деп есептейді.

"Аузын жауып сөйлесе, оның несі жаман? Мүмкін, аузынан иіс шығып тұрған шығар, сарымсақ жеген болар. Онда да дисквалификациялай ма? Алаңда түрлі тілде сөйлейді, айырмашылығы қандай? Егер қуа бастаса, масқара болады. Мұндайға бармайды деп ойлаймын. Барса – ақымақтық", – деді ол.

Даудың төркіні неде?

Соңғы жылдары кей футболшының аузын жауып сөйлесуі жиілеген. Бұл көбіне камералар мен микрофондар арқылы жеке әңгімелердің жария болып кетуінен сақтану мақсатында жасалады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір