"Интердің" экс-ойыншысы мансабын тоқтатып, Иран армиясына бармақ

Сарапшы, спорт журналисі

Иран құрамасының негізгі футболшыларының бірі, бұған дейін миландық "Интер" сапында өнер көрсеткен шабуылшы Мехди Тареми күтпеген шешім қабылдады.

"Интердің" экс-ойыншысы мансабын тоқтатып, Иран армиясына бармақ
фото ашық дереккөзден алынды

Тареми клубтан неліктен кетеді?

Ақпаратқа сәйкес, ол Грекияның “Олимпиакос” клубынан елге қайтып, Ирандағы әскери қызметін өтеу үшін келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға рұқсат сұраған.

Таремидің мақсаты басқа клуб іздеу емес. Ол Таяу Шығыстағы күрделі саяси ахуалға байланысты отанына оралып, мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық қорғаныс күштеріне қолдау көрсеткісі келеді.

Шабуылшы жақын ортасына ойын ашық жеткізген:

“Қазір елге мен бұрынғыдан да қатты қажетпін. Отанға қауіп төнсе, футбол жалғыз басымдық болып қала алмайды”, — деген ол.

33 жастағы форвард биылғы маусымда “Олимпиакос” құрамында жақсы ойын өрнегін көрсеткен. Грекия Суперлигасында 16 матчта 10 гол соққан.

Дегенмен клуб басшылығына келісімшартты ерте бұзғысы келетінін алдын ала хабарлаған.

Жанкүйерлер мен мамандар арасында дау туды

Таремидің шешімі футбол қауымында қызу талқыланып жатыр. “Олимпиакос” жанкүйерлері үшін бұл — шабуыл шебіндегі негізгі ойыншыдан айырылу деген сөз.

Ал Иран ұлттық құрамасы үшін жағдай одан да күрделі. 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Таремидің жоғары деңгейдегі футболдан кетуі құраманың жоспарына ауыр соққы болуы мүмкін.

Иран футбол федерациясы (FFIRI) ойыншыны бұл қадамнан қайтару үшін әрекет жасап жатыр. Шенеуніктердің алаңдауы түсінікті: дәл қазір Еуропа футболынан кету Таремидің ойын бабына әсер етіп, маусым айындағы ірі турнирде ұлттық команданың әлеуетін әлсіретуі ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір