Қазақстанның бес дүркін чемпиондары жаңа маусымды болгариялық бапкермен бастайтын болды.
Болгариялық маман Николай Костов КПЛ-2026 маусымын "Ақтөбе" клубының бас бапкері ретінде бастайды, деп хабарлайды "Серый CARDINAL".
"ФК „Ақтөбе“ клубының бас бапкерін тағайындау төңірегіндегі ақпараттық эпопея әлі жалғасып жатқанымен, Николай Костов маусымды дәл өзі бастайтыны анық. Жалпы, болгар маманына оңай емес. Оны қызметінен үш айдан бері алып тастайды деген әңгіме айтылып келеді, бірақ ол қандай да бір жолмен орнын сақтап қалып отыр. Дегенмен оның қанша уақытқа шыдайтынын білмейміз. Көп нәрсе алдағы нәтижелерге байланысты болады", – делінген телеграм-арнада.
Бұған дейін қазақстандық БАҚ-та "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметіне Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиев пен Қазақстан жастар құрамасының бапкері Владимир Чебурин қарастырылып жатқаны хабарланған еді. Сондай-ақ бірнеше еуропалық маманның есімі де аталған.
Оқи отырыңыз: