ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Айлығы 10 млн. ҚФФ-те істейтін молдовалық отандасын жұмысқа тартты

Қолда бар мәлімет бойынша оның айлық жалақысы 10 миллион теңге. 

Айлығы 10 млн. ҚФФ-те істейтін молдовалық отандасын жұмысқа тартты
kff.kz

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылар штабына тағы бір маман қосылды. Команданың аналитигі қызметіне Молдова азаматы Дмитрий Васильев тағайындалды. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады. 

Тағайындауға бастамашы болған кім?

Ақпаратқа сәйкес, Васильевті ұлттық құрамаға шақыру бастамасы Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Геннадий Скуртула тарапынан болған. Ол да Молдова елінің өкілі.

Бұл шешімді федерацияның бас хатшысы Давид Лория қолдаған.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрамада аналитик ретінде "Елімай" клубының маманы Магомед Нозадзе жұмыс істеді.

Оның кезеңінде Қазақстан құрамасы:

  • Ұлттар лигасының С дивизионында бірінші орын алды;
  • В дивизионына жолдама алған еді.

Скуртуланың жалақысы қанша?

Бұған дейін ұлттық құраманың бұрынғы баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен ҚФФ техникалық директоры Геннадий Скуртуланың айлық жалақысы 10 миллион теңге екенін мәлімдеген еді. 

Сонымен қатар Скуртуланың қатысуымен федерация құрылымында тағы бір молдовалық маман – жаттықтырушы Игорь Шпанера жұмысқа қабылданған.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының толыққанды бас бапкері болып Талғат Байсуфинов бекітілген. Қазіргі таңда команда алдағы халықаралық матчтарға дайындық жүргізіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.