Nigel James Elite Coaching атты футбол академиясының негізін қалаушы Найджел Джеймс Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері болды.
Академияның ресми жазбасында Сатпаевтың талантын ерекше атап, оған қолдау мен менторлық жасау міндеті Nigel James Elite Coaching командасына сеніп тапсырылғаны айтылған. Сондай-ақ жас футболшының келесі маусымда “Қайраттан” “Челсиге” ауысуы мүмкін екені де еске салынған.
Instagram-тағы посттағы фотолардың бірінде Найджел Джеймс пен Дастан Сәтпаев “Қайраттың” жаттығу базасында бірге түскен. Осыған қарап, маман ойыншының лондондық клубқа толыққанды ауысуына дейінгі даму процесіне жауапты болуы ықтимал.
Айта кетейік, Найджел Джеймс — “Челсидің” қорғаушысы әрі капитаны Рис Джеймстің әкесі. Бұл фактор Сәтпаевтың дайындық бағыты мен кәсіби ортаға бейімделуіне қосымша мүмкіндік беруі мүмкін.